АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАХАМБЕТ АУДАНЫ
«АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ»
Мекеме жайлы
Мекеменің толық атауы (қазақша және орысша):
«Алға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Алға ауылының «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны»
Коммунальное государственное казенное предприятие «Ясли-сад «Карлыгаш» села Алга» государственного учреждения «Аппарат акима Алгинского сельского округа»
Мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау және нығайту, дене және психикалық дамуына толық мүмкіндік жасау, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу
1. Тәрбиелеу-білім беру үрдісінде тәрбиеленушілердің танымдық - шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету белсенділігін дамыту
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмысының отбасымен қарым-қатынасын жақсарту құзіреттілігін көтеруге көмектесу.
Құрылымы
«Алға ауылының «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының типтік жобада салынған екі қабатты ғимараты Алға ауылының Тегісшіл көшесі, №7 үйінде орналасқан, пайдалануға 1983 жылы берілген. Бөбекжай-бақшаның сыйымдылығы -90 орын. Мектепке дейінгі мекеменің жалпы ауданы - 680,8 шаршы метр. Бөбекжай-бақшаның меншік иесі құқығына иелік ететін құжаты бар. Тұрақты жер пайдалану актісі бар, жер учаскесінің кадастрлық № 04-065-004-015.
Алға «Қарлығаш» бөбекжай -бақшасының материалдық-техникалық және медициналық әлеуметтік жағдайы балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды, инттеллектуалдық дамытуды,эмоцияналдық жағдайын жақсартуды камтамасыз етуге бағытталған.
Бөбекжай-бақшада меңгеруші мен әдіскер кабинеті, №00332 DR сериялы мемлекеттік лицензиялы медициналық кабинет және 4 топқа арналған бөлмелері бар Топтар мн кабинеттер талапқа сай жиһаздармен,көрнекі ,оқу-әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Педагогикалық процестің ұйымдастырылуы
«Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының оқу-тәрбие процесі төмендегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңы. 27 .07 2007 ж; Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 –2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ; ҚР «Бала құқықтары туралы заң» №345 -ІІ 08.08.2002; «Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарын бекіту туралы» №556 бұйрық 10.10.2018; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.13.05.2016 №292 қаулысы; ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы» 12.08.2016 №499 бұйрығы : Қазақстан Республикасының МДҰ-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі; «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие леу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиялогиялық талаптар» № 615 қаулы 17.08.2017
Барлық топтар саны- 4, ерте жас -1, І кішкентайлар тобы - 1, ІІ кішкен тайлар тобы – 1,ортаңғы топ-1. Барлық топта оқу –тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүгізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу – білім беру үрдісі мектепке дейінгі тәрбиенің, оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарлама және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады және мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін және орыс тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.
Отбасы мен баланы әлеуметтік –педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейінгі ұйымда ата-аналарға кеңес беру пункті жұмыс жасайды.
Балаларды бөбекжайға қабылдау тәртібі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдер көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Ата-аналармен келісім шарт жасалған. Балалар қозғалысының кітабы жүргізіліп тұрады. Құжаттар істер номенклатурасына сай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Лауазымдық нұсқаулықтар әр қызметкерге арналып құрылып, рәсімделген.
Балаларды мемлекеттік кәсіпорында тәрбиелегені үшін төленетін ақы қолданыстағы заңнамаға және ата-анамен жасақталған келісім шартқа сәйкес алынады.
Педагог кадрлар туралы
Алға .«Қарлығаш » бөбекжай-бақшасында 13 педагог-қызметкер жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі педагог-қызметкерлердің штаттық кестесі ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» кестесіне сәйкес жасалған және аудандық білім бөлімі тарапынан бекітілген.
«Қарлығаш»» бөбекжай – бақшасының педкадрлары тұрақты.
Білімі бойынша:
Жоғары білімі бар педагог - 8 (62 %),
соның ішінде мектепке дейінгі білімі бар педагог – 6
Арнаулы орта білімі бар педагог -5 ( 38 %).
соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие – 4
Біліктілік санаты бойынша:
Жоғары санатты педагогтар саны - 3 (23 %),
І санатты педагогтар саны - 3 (23 %)
ІІ санатты педагогтар саны – 5 (38 %),
Санаты жоқ педагогтар саны - 2 ( 14 %),
Оқу-тәрбие процесі Мемлекеттік стандартқа және базистік оқу жоспарының талаптарына сай ұйымдастырылады, оқу жүктемесінің максималды көлеміне және талаптарына жауап береді. «Қарлығаш» бөбекжай-бақша ұжымы өз қызметін инновациялық жаңа бағыттағы технологиялар бойынша жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы бойынша оқу қызметтерін жүргізеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады Бөбекжай-бақша жергілікті мекемелермен: Алға орта мектебі,мәдениет үйі, жанұялық дәрігерлік амбулаториясы, ауыл кітапханасымен сабақтастықта жұмыстар жасайды .