Алға «Қарлығаш» бөбекжай тарихы беттерінен
Махамбет ауданы Алға ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» бөбекжайының іргетасы қаланғанына да биыл 55 жыл болыпты. Балабақшаның негізі 1963 жылы 2 бөлмелік шағын үйде 25 балалық бөбекжайдан басталған екен. Сол кездегі «Жаңа шаруа» колхозының қызметкерлері алаңсыз жұмыс жасау үшін алғашқы балалар мекемесі ұйымдастырылып, балалар ұжымының алғашқы қызметкерлері алынып қоғамдық балалар тәрбиелеу ісі жайлы жан-жақты түсініктер беріледі. Балабақшаның алғашқы меңгерушілігіне Дүйсенғалиева Бәтима апай тағайындалады. Бөбекжайдағы тәрбие жұмысы талапқа сай ұйымдастырылып, бір арнаға түсе бастады.
Сол бір жылдарда балалар 1 жастан 7 жасқа дейін бөбекжайда тәрбиеленетін. Таңғы 8-ден түнгі сағат 22-ге дейін колхоздың егіншілері жұмыстан келгенше бөбекжайда балалар күтілетін. Сенбі, кейде науқан кезінде –өнім жинау уақытында жексенбі күндері де жұмыс жасайтын еді. Бәтима апай қызметкерлеріне қатаң талап қоя отырып, аналардың туған жер төсінде алаңсыз еңбек етулеріне жағдай жасады. Алғашқы білім беру мекемесінің пайдасын ауылдастарымыз да түсініп, балаларын бөбекжайға қабылдау туралы арыздар көптеп түсе бастады. Кейін колхоз кеңейіп , үлкен «ХХІ партсъезд» атындағы кеңестік шаруашылық құрылады. 1972 жылы бала санын толықтыру мақсатында бөбекжай балалар бақшасына айналады Осы жылдан бастап 50 орындық бөбекжай-балабақша жаңа ортаға қоныстанып, басшылық жасау балабақша тәрбиешісі - Ерғалиева Розаға сеніп тапсырылды.
Балабақша үйіне күтушілер ерте келіп, пешке от жағып жылытатын.Кейін елдің жағдайы анық түзелгендігі болар ,орталық жылу жүйесінен жылытылатын болды. Екі топта 50 бала ұзын коридоры бар мекемеде 4 бөлмеде орналасқан еді. Тамақтанатын орын ортақ болғандықтан, тамақты кезекпен ішетін еді. Оқу тәрбие жұмыстары сол кездегі кеңестік ортақ бағдарламаларға сай жүргізілетін еді. 1976 жылы балабақшаға қосымша бөлме жалғанып ,бала саны 75 орынға кеңейтілді. Осы жұмыстардың басы-қасында жүрген ,ұзақ жылдар бойы, өмірінің 38 жыл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Ерғалиева Роза апайдың балабақшаға сіңірген еңбегі өте көп. Өз білгенін кейінгіге үйретуден тынбаған ұстаздың еңбегі еленіп облыстық Білім Департаментінің «Құрмет Грамотасымен” және заттай сыйлығымен марапатталды, қазіргі күні зейнет демалысында .
1981 жылы Алға орта мектебінде және балабақшада 6 жастан бастап оқыту мақсатында эксперименттік топ ашылып ,ол аудан бойынша біздің балабақшада жүзеге асырылды. Бас тәрбиеші болған Ибраемова Рабиға апай оқыту кезінде Қазақ ССР Оқу министрлігінің мектепке дейінгі бөлімі мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының мектепке дейінгі ғылыми-зерттеу институты жасақтаған бағдарламасын басшылыққа алып оқыту барысында бағдарлама талабын жетік меңгерген балалардың 90 пайызы мектепте 4-5 деген бағаға оқыды. Келер 1982 жылы Рабиға апайдың іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.
Заман талабынан туындаған балабақшаға деген сұраныстың артуына орай ауылда 1983 жылы 90 орынды типтік жобаман салынған ғимарат пайдаланылуға берілді. Ол кезде төрт және одан да көп балалы отбасыларға балабақшаға төленетін ата-аналар жарнасына көп жеңілдіктер қаралатын еді .Сондықтан да болар ата-аналар арызының көпшілігін қанағаттандыру мақсатында қосымша тағы бір үйге 30 бала қабылданып, бала саны 120 –ға жетті.
Кейін Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, еліміздегі экономикалық дағдарыс, нарықтың қиын мезгілінде қаржы тапшылығына байланысты 1997-2004 жылдар арасында 5 топтағы 120 баладан 2 топтағы 30 балаға дейін қысқартылды және балабақшамыз маусымдық жүйеге (сәуір-қазан айларында ) көшіріліп жұмыс жасады.
Егеменді еліміздің экономикасының дамуына орай 2004 жылдан бастап балабақша қалыпты жылдық жүйеге қайта көшіріліп, материалдық базамыз жақсара бастады. Бала саны қайта 3 топқа толығып 50 балаға жетті.
2007 жылы балабақша меңгерушілігіне балабақшаның әдіскері - Мұқаш Нұрлықыз тағайындалды. Бұл жылдар балабақша қызметінің қайта жаңарған кезі еді. 2007 жылы - 3 топта -55 бала , 2008 жылы - 4 топта -75 бала, 2009 жылдан бастап ғимарат сыйымдылығына қарай 4 топта 90 бала тәрбиеленуде.Тәуелсіздік жылдарында кәсіпорынның құжаттары қайта жасақталды. Стандартқа сай Мемлекеттік Рәміздер атрибуттары алынды.Балабақшаның материалдық жағынан базасы кеңейтіле бастады.
2008 жылы балаларды рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық сынақ алаңы жұмысын бастады. 2010 жылы балабақша ұжымының болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі еленіп ҰҒБСО-ның «Алғыс хатымен» марапатталды. Тәрбиеші Б. Нұрмағанбетова 2010 жылы облыстық “Өзін –өзі тану “ пәні бойынша «Үздік мұғалім» сайысына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Балабақша ұжымының 2007 жылдар мен 2012 жылдар арасында 2010 жылы «Бөбек» ұлттық қорының «Алғыс хатымен», аудан әкімінің «Алғыс хатымен» , 2012 жылы аудан әкімінің І дәрежелі дипломымен марапатталуы халық алдындағы еңбегінің бағаланғаны деп білеміз, әрине қызметкерлеріміз өзінің халық алдындағы еңбегінің еленгеніне бір сәт те болса ризашылық сезімдерін білдірді
Білім беру саласында реформалау бүкіл халықтық іс, сондықтан барлық қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың білім беру саласына назар аударуы көңілге қуаныш ұялатады. Қоғам бар жақсысын балаларға деп ұсынуда, келер ұрпақ болашағы туралы пікір ел үкіметінің алдындағы басты мәселе болып күн тәртібінен түспей, шешімін табуда .Осы орайда республика көлемінде кең қанат жайған «Балапан» бағдарламасы жақсы істерге негіз болуда. Соңғы жылдарда жеңіл және күрделі жөндеуден өту, материалдық базаның біртіндеп жақсаруы.бұл жерде облыс, аудан әкімшілігінің елімізде білім реформасын қолдап ,түсіністікпен қарауы деп бағалау керек. Жылма жыл материалдық-техникалық базамызды арттырып келеміз, осы мақсатқа қаражат бөлініп, өз саласы бойынша жұмсалуда.
2012 жылы балабақша үйінің жылда қысқы маусымда салқын болатындықтан жұмысын тұрғызбау және балаларға қолайлы орта тудыру мақсатымен күрделі жөндеу жүргізіліп, балабақша ғимаратының сырты қапталып, жылу жүйесіне қосымша жылу таратқыштар қосылып, жаңартылды.
Балабақшамыз бойынша аудан көлемінде түрлі мәдени шаралар: семинарлар, конференциялар,сайыстар өткізіліп келеді. 2009 жылы тамыз айында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен « Мектепке дейінгі мекеме жұмысын басқару мен бақылау және педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық технология лар » тақырыбындағы балабақша меңгерушілерінің семинары өткізілді Семинар жұмысына аудандық білім бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы Айгүл Ахметова қатысып, мектепке дейінгі мекемелердегі педагог кадрларды аттестаттау туралы ,ішкі еңбек заңдылықтары туралы білім беру ұйымдары басшыларымен пікір алысты.
Мектепке дейінгі мекемелердің алдына қойған басты міндеті-бала өмірін қорғау және денсаулығын нығайту,осы мәселе бойынша 2012 жылы қараша айында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы 30 желтоқсандағы №1684 қаулысының орындалысы туралы» тақыры бындағы аудандық балабақша медбикелерінің семинары ұйымдастырылып, бүгінгі күн талабы бойынша СанПин ережелерінің сақталуы және орындалуы жөнінде өзара пікір алысып, тәжірибелерін ортаға салысты . Семинар жұмысына аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері -Масалимова Болған қатысты
.
2011 жылы балабақшамыздың тәжірибелі тәрбиешісі Мырзағалиева Науша аудандық «Баламалы бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулықтар» конкурсынан Бас жүлде иеленсе , облыстық осындай конкурстан «Шығармашыл педагог» номинациясымен марапатталды.
2012 жылғы аудандық «Білім беруді жаңарту жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық қызметті ұйымдастыру» тақырыбындағы педоқуынан тәрбиешілеріміз:
Нұрмағанбетова Бәтима-І орын
Шапикова Болғаным ІІІ орын иеленсе, саз жетекшіміз-Құлахметова Саясат-ІІ дәрежелі Диплом иесі атанды.
2012 жылы балабақша меңгерушілігіне тәжірибелі тәрбиеші Нұрғалиева Әлия тағайындалып ,күні бүгін де бөбекжайдың өз дәрежесінде жұмыс жасауына жағдай туғызуда аянбай еңбек етуде .
2013 жылы аудандық «Білім берудің сапасын арттыру ,тұлғалық бағытталған қатынас механизимдерін іске асыру,зерделеу бағытында иновациялық жобаларды жоспарлау,ұйымдастыру,жүзеге асыру» тақырыбындағы педоқудан тәрбиешілеріміз:
Атуллина Ақмарал-І орын
Шапикова Болғаным-ІІ орын
Серікбаева Назгүл–«Алғыс хатпен» марапатталды
Сол жылы тәрбиеші Шапикова Болғаным облыстық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы педоқудан жүлделі ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды
2013 жылы бөбекжайда аудандық бөбекжай меңгерушілерінің «Білім ұясы : «Таңдаулы балабақша» байқауы ұйымдастырылып, әдіскер Сонабай Лиза ІІІ орын иеленді. Бөбекжай ұжымы аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды
2014 жылы аудандық педоқудан тәрбиешілер Батима Нұрмағанбетова мен Мырзағалиева Шынар ІІ дәрежелі диплом иесі атанды.
2015 жылы өз шығармашылығын қайтадан жаңғыртып, толықтырулар енгізіп барған Мырзағалиева Шынар ІІ дәрежелі дипломмен,тәрбиеші Серікбаева Назгүл Грамотамен марапатталды.
2015 жылы бөбекжай әдіскері Сонабай Лиза облыстық «Үздік жыл әдіскері-2015» байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2016 жылы балабақшаның педагог-психологы Мұқаш Нұрлықыз бен саз жетекші Құлахметова Саясат аудандық педагогикалық оқуларға қатысып, жүлделі орындар иеленді.Сол жылы Құлахметова Саясат облыстық педоқулардан облыстық білім беру мекемелері кәсіподақтарының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
2017 жылы облыстық психологтар олимпиадасына қатысқан бөбекжай психологы Мұқаш Нұрлықыз жүлделі ІІ орынға ие болса, тәрбиешіміз Атуллина Ақмарал педоқудан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталуы бөбекжай ұжымы үшін жақсы жетістіктер болды.
2018 жылы тәжірибелі тәрбиешіміз Әділова Жаңылдық Базарғалиқызы аудандық педоқуларға қуыршақ театры жайлы ойларымен қатысып , жүлделі ІІ орын иеленді.
Балаларымыздың өнерді сүйіп, жанына серік етуіне балабақшаның саз жетекшісінің еңбегі ерекше. 2012 жылы аудандық мектеп жасына дейінгі балалардың «Айгөлек» фестивалінде драма жанры бойынша «Тапқыр Қожанасыр» ертегісін кейіпкерлендіру арқылы Бас жүлдені қанжығаларына байлап, облыстық «Айгөлектен» ІІІ орын иеленді. Аудандық «Айгөлек» фестивалінде вокал жанры бойынша Төлеуғалиқызы Ұлбала ІІ орын иеленсе, облыстық сайыстан да -ІІ Дәрежелі дипломмен мадақталды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Егемен елдің бақытты бүлдіршіні» аудандық сайысынан тәрбиеленушіміз Жұмашова Дильназ «Кішкентай жұлдыз» арнаулы жүлдесін жеңіп алғаны үлкен қуаныш болды. Көркемсөз оқудан Тілекқабыл Нұрхан ІІІ орын иегері атанды. 2016 жылы аймақтық «Салауатты балдырғаннан» І орын иемденіп , аудандық сайыстан «Алғыс хатпен» марапатталдық.
2013 жылғы «Айгөлек» фестивалінде драма тобы «Ешкі қалай үй салды?» ертегісі арқылы ІІ орын алса ,сурет салудан Талғат Айсана- І орын, көркемсөзден -Жұмажан Сабрина «Алғыс хатпен» марапатталды.
2014 жылы аудандық «Айгөлек» фестивалінен «Бақыт іздеген бала» ертегісін сахналау жанры бойынша - «Алғыс хатпен» ,көркемсөз жанры бойынша тәрбиеле нуші Марат Мадияр-ІІ дәрежелі дипломмен, вокал жанры бойынша Кенжебай Ақбота - ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
2015 жылы аудандық «Айгөлек» фестивалінен « Айлакер түлкі» ертегісін сахналау жанры бойынша - Алғыс хатқа , вокал жанры бойынша тәрбиеленуші Құрал Ұлжан -Алғыс хатқа , көркемсөз жанры бойынша Құсиын Бибарыс - ІІ дәрежелі дипломға, «Көгілдір орамал» би композициясы «Ең сүйкімді бишілер тобы» номинациясына ие болып марапатталды
2016 жылы аудандық «Айгөлек» фестивалінен « Айлакер түлкі» ертегісін сахна лау жанры бойынша - Алғыс хатпен, көркемсөз оқудан Марат Азамат -ІІ дәрежелі дипломмен мадақталды.
2017 жылы «Табылған амал» ертегісін кейіптендіру арқылы балалар ақымақ ханның жарлығынан елді қалай құтқарғанын көрсетті,балалар еңбегі «Алғыс хатпен» марапатталды.
2018 жылы бүлдіршіндеріміз Хамитов Санжар аудандық «Айгөлектен» көркемсөз жанры бойынша жергілікті ақын Қадіржан Қазымбекұлының « Мәртебең өссін, Махамбет!» өлеңін оқып,І дәрежелі диплом иеленіп, облыстық фестивальге жолдама алды. Сол үлкен сайыста да тәрбиеленушіміз Хамитов Санжар облыстық байқаудың І дәрежелі дипломын жеңіп алып, бөбекжай атын биікке көтерді. Бұл барлық ұжым мүшелері үшін үлкен жетістік болды!
Бөбекжайымыздың әлі де жаңарғанын, әсіресе мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін топтағы пәндік –дамытушы орталықтардың заман талабына қарай жасақталғанын, бөбекжайымыздың сыртқы ойын алаңдарының қайта жаңартылып балаларымызға қолайлы жай-күй сыйлайтындай дәрежеде көргіміз келеді. Балабақшамызда спорт және музыкалық залдар болмағандықтан топ бөлмелеріне қысылып –қымтырылып тәрбиелік шараларымызды өткіземіз. Болашақта үлкен бөлмелері кең ғимарат салынса деп те айтып қоямыз. Әрбір жас тобында ақпараттық техникалық жабдықталған компьютер, теледидар орнатылып, барлық ,педагогтар ,тәрбиешілер үшін интернетте жұмыс жасауға компьютерлер алынып, жағдай туғызылса жақсы болар еді деген пікір көкейімізде жүреді. Болашақта армандар үшін тек алға ғана ұмтыла білейік,ертеңге үлкен үмітпен қарайық!